Sound Amplifier қызметі есту қабілеті нашар адамдарға Android телефоны мен гарнитура арқылы күнделікті әңгімелер мен айналадағы дыбыстар жайлы ақпарат береді. Айналадағы және құрылғыдағы дыбыстарға сүзгі қолдану, көлемді ету және күшейту үшін Sound Amplifier қолданбасын пайдаланыңыз.
Ұсынылатын функциялар• Айтылған сөзді жақсырақ түсіну үшін артық шуылды басуға болады.
• "Әңгімелесу" режимі шулы ортада сөйлеушінің айтқанын жақсырақ естуге мүмкіндік береді. (Pixel 3 және одан кейін шыққан үлгілерде қолжетімді.)
• Әңгімелерде, теледидарда не лекцияларда не айтылып жатқанын естуге болады. Дыбыс көзі пайдаланушыдан алыс орналасқан болса, Bluetooth гарнитурасын пайдаланған жөн. (Bluetooth гарнитуралары дыбысты кешігіп тасымалдауы мүмкін.)
• Айналадағы әңгімелерді немесе телефонда ойнатылып жатқан мультимедианы жеке қажеттіліктерге сай тыңдауға болады. Қалауыңызға сай шуылды басуға, төмен не жоғары жиіліктегі немесе жай шығатын дыбыстарды үдетуге болады. Параметрлерді әр құлаққа әртүрлі не бірдей етіп реттеуге болады.
• Sound Amplifier қызметін арнайы мүмкіндіктер түймесі, қимыл немесе жылдам параметрлерді пайдаланып қосып-өшіруге болады. Арнайы мүмкіндіктер түймесі, қимыл және жылдам параметрлер туралы толығырақ ақпарат:
https://support.google.com/accessibility/android/answer/7650693Талаптар• Android 8.1 немесе одан жаңа нұсқа керек.
• Android құрылғысын гарнитурамен жұптау керек.
• Әзірге "Әңгімелесу" режимі тек Pixel 3 және одан кейін шыққан үлгілерде қолжетімді.
Келесі электрондық мекенжайға хат жолдап, Sound Amplifier туралы пікіріңізді айтыңыз: sound-amplifier-help@google.com. Sound Amplifier қызметін пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін бізге
https://g.co/disabilitysupport сілтемесі арқылы хабарласыңыз.
Рұқсаттар туралы ескерту•
Микрофон: Sound Amplifier қызметі дыбыстарды күшейту және оларға сүзгі қолдану үшін микрофонды пайдаланады. Ешқандай дерек жиналмайды немесе сақталмайды.
•
"Арнайы мүмкіндіктер" қызметі: бұл қолданба арнайы мүмкіндіктер қызметі болғандықтан, ол әрекеттеріңізді бақылайды, терезе контентін және енгізілетін мәтінді көре алады.